4 шілдеде таңертең Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығының» мәліметінше, жер сілкінісі 2026 жылғы 4 шілдеде Астана уақытымен сағат 04:40-та сейсмикалық станциялар желісі арқылы тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісі Тараз қаласында 2 балл көлемінде сезілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ.
Төтенше жағдайлар қызметі жағдайды бақылап отыр.
Еске сала кетейік, Қазақстан Қытай, Өзбекстан және Тәжікстанмен бірге табиғи апаттарды бақылауға арналған Tianwu Constellation жерсеріктер жүйесін құру жобасына қатысады.
