Түркістан облысының түлегі ҰБТ-да 140 балл алды

Ұлттық бірыңғай тестілеуден Түркістан облысының түлегі ең жоғары балл алды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.

24 маусымнан бері бізде ең жоғары 140 балл тіркелді. Ол — Түркістан облысы Сарыағаш мектебінің түлегі Қасымжан Жұбай, — деп хабарлады Әділет Тойбаев.

Қазақстанда ҰБТ 20 маусымда басталды. Тестілеуге барлығы 117 242 талапкер қатысады, оның 96 мыңнан астамы — биыл мектеп бітіргендер.

Мемлекет бакалаврға 53758 мың грант, магистратураға 13 мың грант, докторантураға 2312 грант бөліп отыр.

ДереккөзТengrinews.kz