«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда дүйсенбіде Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарында найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында да найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады, Атырау облысында шаңды дауыл тұрады, Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады.
Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында күндіз қатты ыстық болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарында дала өрті қаупі тым күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.
