Қуаңшылық пен аптап ыстыққа қалай дайындалу керек?

Қосымша ыдыс қамдап қойыңыз, қажет болғанда оған су толтырыңыз. Ыстыққа төзімді киім мен тұрмыстық техниканы (желдеткіш, кондиционер) дайындаңыз. Егер сіз ауылда тұрсаңыз, қалқа, күрке, құдық сияқты күннен қорғайтын орындарды қамдап қойыңыз немесе терезеге сыртқы қақпақ не қалың перде іліңіз. Тұрмыстық құрылғыларды қолдану үшін мүмкіндігінше дербес электр энергия көзін табыңыз. Суды үнемдеп пайдаланыңыз. Жылу соққанда дұрыс әрекет етуді үйреніп, оны отбасы мүшелеріне де үйретіңіз.

Аптап ыстық пен қуаңшылықтан қалай қорғану қажет?

Жоғары температураның әсерінен қашыңыз. Ашық, ауа өткізетін (мүмкіндігінше мақтадан жасалған) киім киіңіз. Күйген тері тер шығаруды тоқтататынын және салқындамайтынын есте сақтаңыз. Баяу жүріп, көлеңкеде жиірек болуға тырысыңыз. Сыра және басқа да алкоголь өнімдерін қолданбаңыз, өйткені ол ағзаны әлсіретуі мүмкін. Жылу соққанда көлеңкеге, желге шұғыл өтіңіз немесе себезгімен жуыныңыз, суды көбірек ішіңіз. Күн өткізбеу үшін денеңізді салқын ұстауға тырысыңыз. Айналаңыздағылардың біреуі есін жоғалтқанда жансақтау шараларын жасаңыз (жүрекке массаж бен жасанды тынысалу).

Қуаңшылық пен аптап ыстықтан соң қалай әрекет еткен жөн?

Нормадан тыс ыстық пен құрғақшылық туралы ақпарат пен халыққа көрсетілетін көмек туралы жергілікті билік органдарына хабарласып, біліңіз. Апат қайталануы мүмкін және оған дайын болыңыз.