Не болды?
Қазақстанның жастар бокс құрамасы Азия чемпионатына аттанар алдында Түркістандағы олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханның туған шаңырағына арнайы барып қайтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Кездесу барысында жас спортшылар олимпиада чемпионының анасы Сырлыгүл Саттарханның батасын алды. Сырлыгүл апа жас спортшыларға ақ жол тілеп, ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінуді тіледі. Жастар құрамасын олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбай баптайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бекзат Саттархан туралы
Бекзат Саттархан – қазақ боксының тарихындағы ең жарқын тұлғаның бірі. Ол 2000 жылы Австралияның Сидней қаласында өткен олимпиада ойынында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Өкінішке қарай, олимпиада жеңісінен кейін көп ұзамай, 2000 жылдың 31 желтоқсанында Бекзат Саттархан жолапатынан оқиғасынан небәрі 20 жасында қаза тапты.
Контекст
Естеріңізге салайық, семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.
