Оңтүстік пен шығыста өзен-көлдердің деңгейі көтерілуі мүмкін

«Қазгидромет» РМК мамандары Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

Мамандардың мәліметінше, алдағы демалыс және мейрам күндері еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлеріндегі суқоймалар арналарына мұз жиналу қаупі бар. Соның салдарынан өзендер арнасынан асып, су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Сонымен қатар еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында ауа температурасының жоғарылауынан жазықтық жерлерде еріген қар суы тасуы мүмкін, — делінген синоптиктердің ескерту хабарламасында.