Бірнеше өңірде дауыл тұрып, бұршақ жауады

Республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, Павлодар облысында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Маңғыстау облысында найзағай ойнап, бұршақ аралас нөсер жаууы мүмкін, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, дауыл тұрады, найзағай ойнап, тұман түседі.

Жамбыл, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Қостанай облысында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшті болады. Батыс Қазақстан облысында күн 31-36 градусқа дейін ысиды.