Статистиктердің мәліметінше:
***
Қазақстан әйелдері үй жұмысына: ас әзірлеуге, кір жууға, ыдыс-аяқ жууға, үй жинауға күніне орта есеппен 4 сағат 6 минут жұмсайды.
***
Қазақстанда тәуелсіздік жылдары атмосфера ауасын ластайтын негізгі газдар — күкірт диоксиды мен азот оксидының бөлінуі екі есе азайды.
***
Қазақстанның әрбір тұрғыны 310 келі қоқыс өндіреді, оның 2,6%-ы қайта өңделеді, қалғаны қоқыс үйіндісіне тасталады.
***
Қазақстанда тауарды тегін жеткізу қызметі 96% жағдайда оны клиенттің сатып алуына ықпал етеді.
***
Солтүстік Қазақстан облысы ерлерінің күніне 5 сағат 25 минут бос уақыты бар, ал Нұр-Сұлтан ерлерінің бір тәуліктегі бос уақыты бәрінен аз — 4 сағат 18 минут.
***
Қазақстанда 10-14 жас аралығындағы балалар оқуға күніне орта есеппен 4,5 сағат жұмсайды.
***
Қазақстандағы ауылдарының саны ең көп облыс — Түркістан. Өңірде 836 ауылдық елді мекен бар.
***
Қазақстанның әрбір азаматы жылына орта есеппен 5,4 литр минералды су ішеді.
(Иллюстрация: Dribbble.com ©Kit8)