Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өмірзақ Шөкеевті Түркістан облысының әкімі етіп тағайындады. Тиісті жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, — делінген Президент жарлығында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа әкімді өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Асқар Мамин таныстырды. Ол облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Асқар Мамин сессия барысында мәслихат депутаттарына Мемлекет басшысының Өмірзақ Шөкеевті Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындау ұсынысы туралы хатын оқып берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылы Түркістанда дүниеге келген. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын тәмамдаған. Ол жоғары лауазымдарда жұмыс істеді: Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімі, ҚР Экономика және сауда министрі, ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары, Астана  әкімі, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы болды. 2017 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.

Премьер-министр Түркістан облысының активімен өткен кездесуде Жансейіт Түймебаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Түркістан облысының алғашқы әкімі ретінде ол облыс орталығын Түркістанға көшіруге, жаңа облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын ұйымдастыруға, көші-қон мәселелерін, жаңа қаланың ауқымды құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысты.

Асқар Мамин облыстың жаңа әкімін таныстыра отырып, Өмірзақ Шөкеевтің Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Астана әкімі ретінде аталған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтті. Бұдан өзге, Премьер-министрдің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі ретінде өзін іскер, тәжірибелі басшы және жоғары деңгейдегі ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі әлеуметтік маңызды міндеттерді сапалы орындап, Мемлекет басшысының сенімін ақтауға мүмкіндік береді.

Түркістан облысының дамуы Елбасының ерекше назарында. Мемлекет басшысының бастамасымен қасиетті Түркістан қаласында жаңа үлкен құрылыс басталды, — деді Асқар Мамин.

Айта кетейік, Жансейіт Түймебаев қазіргі Түркістан облысын 2016 жылдың қазанынан бері басқарды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін. Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда полицей әріптесіне оқ атты: қызметкер қаза болды

Алматыда полиция қызметкері әріптесін абайсызда жарақаттады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде балаларды қаржы сауатына үйрететін қазақ тіліндегі кітап жарық көрді

Балалар мен ересектерді қаржы сауатына үйрететін "Тиыннан теңге құрайтын бала" кітабы жарық көрді. Бұл еңбек - New York Times-тың "The Opposite of Spoiled: Raising Kids Who" деген әйгілі бестселлерінің қазақша нұсқасы.

Алматыда жол талғамайтын премиум TANK 300-дің презентациясы өтті

Алматыда жол талғамайтын Great Wall Motor — TANK 300 қытайлық автоконцерннің презентациясы өтті.

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

3 маусымда Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің Omir жаңа музыкалық бейнебаяны көрсетілді. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.

Астанада «SOS балалар ауылының» балаларға арналған заманауи скейт-алаңы салынады

Астанада "SOS балалар ауылының" балаларға арналған заманауи скейт-алаңы салынады. Бұл туралы скейтбординг федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.