Alser жетістіктері

 «Егер мекеме өз технологияларын өзгерткісі келмесе, онда бәсекелестер ерте ме кеш пе озып алдыға шығады» — Илон Маск

Alser компаниясы өз мүмкіндіктерін пайдала отырып, 2016 жылы Қазақстан өңірлерінде бөлімшелерін аша бастады. Сол жылды 80 бөлімшемен бастап, желтоқсан айында 120-сыншы бөлімшенің есігін ашты. Осы арқылы сатылымдарын көбейтіп, жаңа аймақтарды қамтыды.

2017 жылы негізгі кеңседе, қоймаларда және дүкендердегі жұмыс орнын жаңартты. Шілде айында негізгі кеңсенің 180 жұмысшысы жаңа технологиялық офиске көшті. Ал тамыз айында логистика бөлімі ішкі және сыртқы клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартты. Жылдың соңында компания өсіп, 1200-ден аса жұмыскерлер қызмет атқарды. Осы жылы компания 35 жаңа бөлімше ашты және 14 бөлімшені оңтайландырды. Сол жылдың желтоқсан айына Қазақстанның 89 қаласында орташа 200 шаршы метрге тең 155 бөлімшелерін жайғастырды.

 «Жақсы ойыншылар шайбаның маңында болса, ал ұлылар оның барар жерінде болады» — Уэйн Гретски

Таңдаған стратегиясының арқасында компания 2017 жылды 49,5 млрд теңге орташа айналымымен аяқтады. Бір жылда бөлімшелеріне 5 миллионнан астам адам барса, оның 1 миллионы сатып алушы қатарына кірді.

alser медиа таңғы асы
Сурет маркетинг бөлімінен алынды

2015 жылы Алсер компаниясы әлемдегі ірі еуропалық Euronics компаниялар жолағына қосылды. Солар ұсынған бизнес шарттарының арқасында жеткізу бөлімінің жұмысын жақсартып, өндірушілермен тікелей келісімшарт жасайтын болды. Бұл тауарды өз уақытында тоқтаусыз жеткізуге мүмкіндік берді.

Alser.kz интернет магазині

Alser.kz интернет-магазині бұданда белсенді өсу нәтижелерін көрсетті. Жаңартылған платформаның арқасында, сатылымдар саны бір жылда 197% -ға өсіп, жылдың соңында 5,6 млрд тг айналымына жетті.

Сонымен қатар Алсер компаниясы бөлшек сауда және интернет дүкенінде алғашқылардың бірі болып KASPIRed, HalykLight және QazkomOrange банк өнімдерін іске қосты. Kaspi.kz арқылы барлық тауарларын несиеге алуға болады.

Алдағы жоспарлар

Қазақстандағы электроника саласындағы мониторинг бойыншы көшбасшы, GFK агенттігінің мәліметтеріне сай, Казақстан бойынша Алсер компаниясы ақпараттық технологиялар мен смартфондар сегментінің 14%-н қамтып отыр.

«Бизнесте ең бастысы — ойды қандай да бір маңызды нəрсе тудыруға жинақтау. Ал мен өзім нені қолданғым келеді, соны жасауда жұмыс істедім» — Марк Цукерберг

Осылайша, Алсер компаниясы 2018 жылға бөлшек саудада керемет нәтижемен кірді. Енді цифрлық техника және гаджеттерді сататын мүлдем жаңа форматтағы дүкендер ашуды жоспарлап отыр. Осы жылы 20 жаңартылған дүкен келушілерге өз есігін ашады.

Сонымен бірге сатып алушы мен кеңесші арасындағы ыңғайлырақ қарым-қатынасты жақсартпақ. Тауар сатып алу оңай және тез болады. Алсер дүкенінде тауар жайлы толық ақпаратты кеңесшілерден немесе ақпараттық дисплейден алып, ұнаған тауарды дүкеннен шықпай сынап, тауар бағасын басқа дүкендермен салыстырса болады.

Alser.kz интернет дүкенінің сатып алушыларына бұрыннан 5000 теңгеден астам тауар алған адамға тегін жеткізу қызметі ұсынылады. Ал жаңа форматтағы дүкендерде тауарды өзім алып кетем деушілерге «пикап пойнт» ұйымдастырылатын болады.

Алсер компаниясы экология жайында да ұмытпады. Енді негізгі дүкендерде ескі электрониканы қабылдайтын эко жәшіктерін кою жоспарланып отыр. Бұл эко жәшіктер коммерциялық емес UN Enviroment компаниясымен бірігіп орнатылады.

Жұмысшылардың қызмет көрсету сапасын, компания басшылығы негізгі басымдылық ретінде қарастырады. Ол үшін компанияның барлық жұмысшылары сапаны жоғарлату курстарынан өтіп отыратын болады.

alser медиа таңғы асы
Сурет маркетинг бөлімінен алынды

Алсер компаниясының алдыдағы екі жылға қойған мақсаты — қызмет көрсетудің жоғары деңгейі мен айрықша ұсыныстардың арқасында сатып алу үшін ең қолайлы орын болу.

Бас директор Сергей Бенедь: «Бұл жыл қолайлы болды. Нарық өсіп, позитивті өзгерістер көрсетеді. АТ және смартфондар сегменті 15%-ке өседі деп болжануда. Біз 25% өсімге жетуді жоспарлап отырмыз. Біздің стратегиямыз тамаша нәтиже көрсетті, бірақ біз жайлы аймақта отырмаймыз. Қызмет көрсету мен клиенттерге қызмет көрсетуді жақсарту үшін одан да күшті жұмыс істеуіміз керек».