Ranking.kz мәліметінше, былтыр қосымша білім беру қызметтерінің арасында спортқа баулу және бос уақытты тиімді өткізу саласы мамандарын даярлау қызметінің көлемі 50,9 миллиард теңге (2,6%), мәдениет саласы бойынша білім беру қызметінің көлемі 29,1 миллиард теңге (1,5%), көлік жүргізуге даярлайтын мектептер қызметі 3,8 миллиард теңге, қалғаны 112,4 миллиард теңге (5,6%) болды.

2018 жылдың 4-тоқсанында қосымша білім беру қызметінің көлемі жалпы білім беру қызметі көлемінің 10,4%-ына тең болды.

Спорт бойынша білім беру мен бос уақытты тиімді өткізу саласы мамандарын даярлау қызметін көрсету (футбол, баскетбол, гимнастика, жүзу, атқа міну, ұрыс жекпе-жегі, йога секциялары, тағы басқа) жөнінен Жамбыл облысы (1,3 миллиард теңге), Шымкент (1,2 миллиард теңге) және Қарағанды облысы (1,2 миллиард теңге) үздік үштікке енеді.

Мәдениет саласындағы секциялар қызметінің көлемі жөнінен Нұр-Сұлтан (1,2 миллиард теңге), Қарағанды облысы (1,1 миллиард теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (580,5 миллион теңге) алда. Бұл саладағы білім беру қызметіне өнер, драма, музыка бойынша дәрістер кіреді, олар — хобби, демалыс пен өзін-өзі жетілдіру амалы ғана, қандай да бір кәсіби біліктілік куәлігі берілмейді.

Су, әуе және басқа да көлік түрлерін басқару жөнінде қосымша білім беру мектептерінің қызметін Жамбыл облысы (649,8 миллион теңге), Қарағанды облысы (484,3 миллион теңге) және Ақмола облысы (89,7 миллион теңге) тұрғындары көп пайдаланатын болып шықты. Кәсіби көлік жүргізушілерін даярлау курстары бұл сфераға жатпайды.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Anton Fritsler)