Тұңғыш президенті күні Ақши ауылында тағы бір жағымды жаңалықпен жалғасты. Ақши ауылының ортасынан "Дәулет - Бекет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Сыдық Әбуәлі жақында дүниеге келген үшемге 120 шаршы метрді құрайтын 5 бөлмелі үй салып берді.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова үшемнің ата-анасы атанған Қуаныш Алтынбаев пен Әйгерім Махамбетжанованы қуаныштарымен құттықтап, отбасына сый-сияпат тарту етті.