Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Аптап ыстық, жауын-шашын, найзағай: 24 маусымдағы ауа райы болжамы

Фото: Алматы әкімдігі
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің болжамынша, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Астана маңында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Қостанай, Көкшетау, Петропавл және елордада найзағаймен қатар дауыл қаупі бар. Ал Петропавлда бұршақ пен шаңды дауыл болады.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде ыстық ауа райы сақталады. Ең жоғары температура Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда. Мұнда күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Түркістанда 34-36 градус, Қонаевта 33-35 градус, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Павлодар және Семейде 32-34 градус ыстық болады.

Ақтөбе мен Атырауда түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Қарағанды, Тараз, Алматы және Қонаев қалаларында күндіз жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.

Ал Ақтау, Орал, Өскемен, Семей, Павлодар және Қызылорда қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Елордада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз 24-26 градус шамасында болады.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты сақтық шараларын сақтауға, қатты жел кезінде қауіпсіз жерде болуға және найзағай кезінде ашық алаңдарда ұзақ уақыт жүрмеуге шақырды.

Мақалаға реакция