Басты бетЖаңалықтарОңтүстік Қазақстанда...

Оңтүстік Қазақстанда биыл төртінші үшем өмірге келді

Мүслім, Ислам және Имран деп ат қойылған балаларды Мақтаарал ауданының тұрғыны Қарлығаш Қабылова өмірге әкелді. Бақытты ана осымен үшінші рет босанды, үшемді үйінде ағасы мен әпкесі күтіп отыр.

Сәбилер 3 жүктіліктің 35-ші аптасында туды, олардың салмағы 2-2,5 кг аралығында. Дәрігерлер екі апта бойы олардың денсаулығын мұқият бақылады.

Қазір сәбилердің жағдайы тұрақты, анасы оларды өзі емізіп жатыр. Балалардың ата-анасы ерекше қамқорлық көрсеткен Шымкенттегі №4 облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне алғыс айтады.

Еске сала кетейік, осымен биылдың өзінде төртінші рет үшемдер өмірге келді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, облыста жыл сайын 7-13 үшем туады. Соңғы 10 жылда үшемдер саны 81-ге жеткен.

Айтпақшы, осы перзентханада үшеммен қатар осы аптада 4 егіз дүниеге келді.

Дереккөзkazinform.kz