Астанада 2019 жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, бұл отбасында бұған дейін егіз дүниеге келіпті. Үшемді анасы №3 перинаталдық орталықта өмірге әкелген.
19 ақпанда Кесар тілігі арқылы бірнеше минут айырмашылығымен үшем дүниеге келді. Екі ұл мен бір қыздың әрқайсының салмағы — 2 149 грамм, 2 290 және 2 020 грамм, — деп хабарлады перзентхана мамандары.
Ана мен үшемнің денсаулығы жақсы, олар 26 ақпанда перзентханадан шығарылады.