Жамбыл облысында тағы да үшем дүниеге келді

13 қараша күні Жамбыл облысында Магруф, Максум және  Мансур есімді үшем дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер уақытынан сәл ертерек дүние есігін ашты.

«Алғашқы үш күнде сәбилер интенсивті терапияны қажет етті. Сосын олар аналарымен бірге жаңа туған нәрестелердің патологиясы бөліміне ауыстырылды. Қазір сәбилер мен оның анасы өздерін жақсы сезінеді, олар үйлеріне шығарылмақ», — деді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айгүл Айтбаева.

Бөбектердің ата-анасы жұбайымен бірге Байзақ ауданында тұрады.

«Біз осы қуанышты 7 жыл бойы күттік. УДЗ-ден үшем туралы естіген кезде қатты қуандық. Осындағы дәрігерлерге алғысым шексіз. Егіз ұлдардың екеуі бір-біріне қатты ұқсай, ал үшіншісі мүлдем ұқсамайды», — дейді бақытты ана Аян Біләлова.

Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл облысында 3 рет үшем өмірген келді. Осыдан бір ай бұрын ғана Байзақ ауданында Егізғараевтар отбасында үшем дүниеге келген еді. Облыстық перинаталдық орталығында 2 қыз, 1 ұл ота арқылы туылған.

ДереккөзInform.kz