Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын және орта шаруашылықтарға субсидиялардың ашықтығын және субсидиялау жүйесін мемлекеттің өнеркәсіптік саясатымен өзара байланыстыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер қойылды.
Былтыр облыстың бірқатар шаруашылықтары "Басым дақылдарды субсидиялау" бағдарламасына бөлінген қаражаттың толық игерілуіне байланысты субсидия ала алмай қалған.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау жыл сайын артып келеді.