Мемлекет 12 әуе рейсіне субсидия бөлді

Азаматтық авиация комитеті биыл қаржыландырылатын бағыттардың тізімін жариялады. Субсидия бөлудегі басты мақсат — Астана мен басқа облыстардың әуе қатынасына қамтамасыз етіп, аймақаралық байланыс жасау. Сондай-ақ туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Жалпы рейстерді «Мемлекет тарапынан қаржылай қолдау» бағдарламасы 2002 жылдан бері жүзеге асып келеді және осы кезеңде 10-нан астам әуе бағыты коммерциялық негізге көшірілген.

Субсидияланған әуе рейстерінің билеті аса қымбат болмайды.

«Билеттің бағасы субсидиялық рейстарда ол жолаушының санына байланысты арзандап отырады. Рейс жаңа ғана ашылғанда, оның құны төмен. Мысалы бізде 7 мың деген тарифтер болған. Бірақ рейс әрі қарай жалғастырғанда оның құны көбейеді. Орташа құны қазір 15-20 мың шамасында»,- дейді ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Дереккөз24.kz