«Нұрлы жер» бағдарламасымен несиелерді субсидиялау тоқтатылды

«ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын әзірлеп шығарғаннан кейін біз өз бағдарламамызды — «Нұрлы жерді» соған сай келтіріп жатырмыз. Бүгін Үкімет өз шешімін қабылдады. Біріншіден, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама болып бекітілді. Екіншіден, тұрғын үйді xалыққа барынша қолжетімді ету үшін көптеген өзгерістер енгізіліп отыр. Мәселен, бұрын әкімдіктер салған үйлер тек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына ғана берілсе, бұдан былай барлық азаматтарға таратылады. Аталған бағыт бойынша өңірлерде бір шаршы метрдің бағасы 140 мыңнан аспайды. Ал Астана, Алматы, Ақтау мен Атырауда 180 мың теңгеден артық болмайды», — деді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қ.Өскенбаев.

Бұдан бөлек, жалға берілетін үйлердің құрылысына қосымша 10 млрд теңге, ал инженерлік коммуникацияларды тартуға тағы 20 млрд теңге бөлінетін болады.

«Бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қазақстанның ипотекалық компаниясы займдарды 10 процентпен беретін. Қазір біз оны алып тастадық. Себебі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы әзірленді. Бірақ бұған дейін несие алған азаматтар еш уайымдамасын. Үкімет өз міндетін сақтайды. Сол бағдарлама бойынша қанша субсидия бөлінді, сонша толығымен беріледі. Бірақ бұдан былай субсидия тек «7-20-25» бойынша жасалады», — дейді Қ.Өскенбаев.

ДереккөзInform.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда үш мыңнан астам сарбаз әскери ант қабылдады

Астанада «Отан қорғаушылар» алаңында Ақмола өңірлік гарнизонының №68665 әскери бөліміне келген жастар салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты.

Фоторепортаж: «Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

Биылғы "Соңғы қоңырау" рәсімі бұрынғыларынан өзгеше. Бұл жолы мерекелік іс-шараға тек мектеп түлектері қатысады. Baribar.kz тілшілері Алматыдағы жалпы білім беретін №58 мектепке барып, оқу жылындағы айтулы мерекенің қалай өткенін көріп қайтты.

Марат Қарабаев: Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы бар

Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы бар. Бұл туралы үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 1 маусымға арналған бағамын белгіледі.

Өндіріс орнынан репортаж: Биологиялық белсенді қоспа қалай өндіріледі?

Baribar.kz тілшілері Akyldy food supplements компаниясының негізін қалағандардың бірі химик Диас Тастанбековпен әңгімелесіп, өндіріс орнының жұмысымен танысып қайтты.

Оралда репрессия құрбандары туралы тоғыз кітап жарық көрді

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Батыс Қазақстандағы саяси-қуғын сүргін саясатының нәтижелері: тарих пен тағдыр» тақырыбында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.