2022 жылдан бастап жұмыртқа қымбаттамақ

Солтүстіктегі 35 құс фабрикасының тек бесеуі ғана жұмыртқа өндірумен айналысады. Кәсіпкерлер құс өсіріп, жұмыртқа шығарудың шығыны көп болатынын айтты. Мәселен, биылдың өзінде жем-азық екі есеге қымбаттап, жанармай бағасы 1,5 есеге көтерілген.

2022 жылдан бастап жұмыртқа өндірісі үшін субсидия мүлде төленбейді. Себебі, Қазақстанда жұмыртқа тұтыну бойынша сұраныстан ұсыныс көлемі артып отыр. Ал субсидия енді Қазақстан өзін өзі толық қамтамасыз ете алмай отырған тауарларға ғана төленбек.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ережесіне өзгеріс енгізілмесе, ендігі жылдан бастап жұмыртқаға субсидия төлемейміз. Жұмыртқа бағасын еркін айналымға жібереміз. Бұдан былай бағаны нарық өзі реттеуге тиіс, – деді СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Уәлибеков.