Павлодар облысында 10 шаруа қожалығы заңсыз субсидия ресімдеген

Агенттік Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқырған тұлғалар тобының жолын кесті.

Деректерге сүйенсек, ол мемлекеттен субсидияларды заңсыз алу мақсатында Ресей аумағында ірі қара мал сатып алып, оны «Герефорд», «Симментал» асыл тұқымды қара мал ретінде тіркеген. Сөйтіп, субсидиялар алуға арналған өтінімдерде ол ІҚМ туралы жалған мәліметтерді көрсетіп, ал сатып алу-сату шарттарын өзі қолдан жасаған.

Осы тұста Ресей Федерациясының уәкілетті органдары асыл тұқымды мал сатып алу дерегін растамағандықтан, С.Мукин әрі қарай 100 мыңнан 6 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін басқа кәсіпорындарға мемлекеттік субсидияларды заңсыз алуға көмектескен.

Тергеу барысында мұндай схема бойынша тағы 10 шаруа қожағылы анықталып отыр. Белгілі болғандай, олар бюджеттен 216 миллион теңгеге заңсыз субсидия алған. Бас ұйымдастырушы мен сыбайластар әртүрлі мерзімге сотталды.