Дархан Қыдырәлі: Елге қызмет етемін дейтін азаматтар алдымен тілге қызмет ету қажет
Күні кеше Елбасы "Елдіктің жеті тұғыры" атты қағидаттар жиынтығында «мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – әр азаматтың парызы» деп атап көрсетті. Қазақстанның тұңғыш президенті бұған дейін де: "Қазақстанның келешегі – қазақ тілінде", дегені белгілі. Бұдан артық қалай айтуға болады.
