Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойған жағдайда, латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мынадай болады:

Айта кетейік, әліпбидің жаңа нұсқасында 2021 жылдың қаңтарында ұсынылған нұсқамен салыстырғанда «Ң» әрпінің жазылуы өзгеше. Қазір «ың» дыбысы латын тілінде «Ñ» деп белгіленген. Ал бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынылған кестеде әріп «Ŋ» деп белгіленген.

Еске салайық, жетілдірілген әліпбиде 31 әріп бар. Онда қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

Құжат 2021 жылдың 6 мамырына дейін ашық талқыланады. Оған мына сілтеме бойынша қатысуға болады.

ДереккөзTengrinews.kz