Қаралы хабар. Бүгін қазақ тілі білімінің көрнекті тұлғасы, қазақ синтаксисінің белді зерттеушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жарты ғасырдан аса уақыт қызмет еткен ардагер оқытушы, ұлағатты ұстаз, дара ғалым Рақыш Сәтұлы Әмір дүниеден өтті. Ғалымның отбасына, туған-туысқандарына, барша шәкіртіне көңіл айтамын. Ғалым-ұстаздың жарқын бейнесі әріптестері мен шәкірттері жадында мәңгі сақталады! Бақұл болыңыз, аңыз адам, ғылым ғұмыр!і — деп жазды тележүргізуші Мейрамбек Таубалдиев Facebook желісіндегі парақшасында.
Әмір Рақыш Сәтұлы 1930 жылы Жамбыл ауданы Аса ауылында туған. Филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1951).
1992 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ тілі кафедрасында оқытушысы болып еңбек етті. 80-нен аса ғылыми еңбегі, соның ішінде 7 монографиясы жарық көрген.
«Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет Грамотасымен марапатталған 5 ғылым кандидатын тәрбиелеген.