Ұлттық экономика министрлігі үкіметтің "Қазақстан Республикасы үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" қаулысына толықтырулар әзірледі.
Түркістанда Спорт күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. «Түркістан-Арена» стадионында өткен іс-шарада облыс спортшыларының жеңіп алған жүлделерінің көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Әлемдік деңгейдегі кубоктар мен медальдар көрсетілді. Жалпы биыл 7 ай көлемінде Түркістан облысының спортшылары жалпы саны 1000-ға жуық медаль олжалап, бұл көрсеткіш бойынша республикада алдыңғы қатарда келе жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.