Токио Олимпиадасының медалі қандай болады?

Бұл туралы Prosport порталы хабарлады.

Токио ойындарының эмблемасы мен дәстүрлі итимацу үлгісі медальдың қақ ортасында орналасқан.

Мұндай дизайнды жапондықтар жазғы спорт ойындарын өткізуге дайындық барысында, яғни 2019 жылы ұсынған. Ал дәстүрлі шара былтыр жазда өтуі керек еді, коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиаданың өту уақыты өзгерді.

Токио Олимпиадасы, медаль
Фото: Олимпиада комитетінің Twitter-дегі парашасы

​Бастапқы кезде бұл шараны мүлдем тоқтатып тастау мәселесі көтерілді. Кейіннен ресми Токио Олимпиада өткізу құқығын сақтай отырып, оны жай ғана кейінге шегеру шешімін қабылдады.

2019 жылы жергілікті тұрғындар медаль жасау үшін екі жыл бойы ақауы бар смартфондар мен планшеттерді, компьютерлерді жинаған. Сөйтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында жиналған 80 мыңнан астам гаджеттің бағалы металдары алынып, медаль жасау үшін балқытылды.

Еске салайық, Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.