Қазақстан Бейжің олимпиадасында бірде-бір медаль алмады

Бейжің олимпиадасына барлығы 34 спортшы барды. Қазақстан құрамасында ең жақсы нәтиже көрсеткен шорт-тректен Абзал Әжіғалиев болды. Ол финалда мәреге 4-ші болып келді. Спортшыны Қасым-Жомарт Тоқаев жеке құттықтады.

Айта кетейік, биыл Қазақстан құрамасының формасы олимпиададағы ең әдемі спорттық киім үлгісі ретінде танылды. Жалпы Қазақстан спортшыларының дайындығына 400 миллион теңге кетті.

Токио-2020, Олимпиада
Фото: Olympic.kz

Олимпиада қорытындысында медаль саны бойынша бірінші орында Норвегия, екінші орында Германия, үздік үштікті Қытай түйіндеді.