Қазақстанда жаңа награда тағайындалуы мүмкін

Атап айтқанда, «Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген 3-бөлім «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі мазмұндағы 27-4-тармақпен толықтырылды.

«Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен қызметін мінсіз жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқан, экономика саласындағы жаңа бағдарламалар мен жобаларды әзірлегені және іске асырғаны, экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды және ұлттық жобаларды іске асыру әдістерін жетілдіргені үшін жоғары кәсіби қызметкерлер, шетел азаматтары және өзге де тұлғалар аса маңызды және күрделі міндеттерді орындағаны үшін, сонымен қатар қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін марапатталады.

«Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі сары түсті жез металдан (латунь) диаметрі 34 миллиметр шеңбер түрінде жасалады.

Медальдың беткі жағында шеңбердің ішінде «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» деген алтын түсті жазу орналасқан және ішкі жиегінде ұлттық ою бейнеленген.

Медаль мәтіні мен бейнелерінің бедері шығыңқы күңгірт.

Медальдың шеттері ернеумен жиектелген. Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерлі.