Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан медаль алды

Рим Папасы берген бата-тілегіңіз бен естелік сыйлығыңыз үшін үлкен алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын, — деп жазды Димаш Құдайберген.

медаль, Димаш Құдайберген
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Айта кетейік, Рим Папасы өзімен амандасқан адамдарға қызыл қорапшаға салынған медальонды таратады. Оны арнайы апостолдық сапар үшін шығарады. Тура сондай медальдарды Франциск әуежайда қазақстандық шенеуніктерге де таратқан болатын. Медальонда «GAZAKISTANIAM VIZIT» деген жазу бар.

13 қыркүйекте Ватикан Франциск Папасының 38-ші халықаралық апостолдық сапарына шыққанын мәлімдеді. Оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайда қарсы алды. Франциск әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің пленарлық отырысына қатысып, Қазақстандағы және басқа елдерден келген католиктер үшін қасиетті месса өткізді.