Дзюдошыларымыз Азия біріншілігінде 14 медаль алды

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, құрлықтық чемпионатқа 22 елден 200-ге жуық жас дзюдошы қатысқан.

Қазақстандық жас татами шеберлері екі күндік бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, 3 алтын, 6 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді.

Алтын жүлдені 73 келі салмақта Ғайнуллин Аңсарбек, 48 келіде Ғалия Тынбаева және 57 келіде Аида Карчаева қоржынға салды.

Ал күміс жүлдені Адия Сайын (44 кг), Ақмарал Науатбек (48 кг), Диана Аипова (52 кг), Мәлік Темірсұлтанов (90 кг), Камила Берліқаш (+78 кг) және Мөлдір Нарынова (-70 кг) жеңіп алса, қола медальді Алмас Ғалымов (60 кг), Бауыржан Нарбаев (60 кг), Болат Біләл (55 кг), Ерасыл Болат (90 кг) және Назерке Тілеуханова (-78 кг) қанжығаларына байлады.