2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының медальдары қандай болмақ?

Пхенчхан қысқы Олимпиадалық Ұйымдастыру комитеті бүгін 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының медальдарын таныстырды. Үздік спортшыларға табысталатын медальдардың алдыңғы бетінде Олимпиада сақиналары, екінші бетіне Пхенчхан қысқы Олимпиадасының логотипі бейнеленген.

Пхенчхан, Қысқы ОлимпиадаМедальдың диаметрі 92.5 миллиметр, шығыңқы бетінің қалыңдығы 9.42 миллиметр, ойыс бетінің қалыңдығы 4.4 миллиметрді құрайды.

Пхенчхан, Қысқы Олимпиада. медаль Алтын медальдың салмағы 586 грамм, «күміс» -580 грамм, «қола» — 493 грамм.

Айта кетейік, алтын медальдың салмағы 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы алтын медалінен ауырлау болып отыр.

ДереккөзInform.kz