Жас ғалым полиэтилен пакетке қандай балама өнім ойлап тапты?
Нариман Қайырбеков — еліміздің жас ғалымы. Ол полиэтилен пакеттерге балама болатын әдіс ойлап тапты. Ғалым қоршаған ортаны жақсартатын түрлі жобасы туралы айтып берді.
11 материал
Нариман Қайырбеков — еліміздің жас ғалымы. Ол полиэтилен пакеттерге балама болатын әдіс ойлап тапты. Ғалым қоршаған ортаны жақсартатын түрлі жобасы туралы айтып берді.
Ұшқын Сәйдірахманұлы - қазақ эмиграциялық баспасөзін зерттеп жүрген жас ғалым.
Жас ғалым сұхбатында қазіргі журналистердің тыныс белгілерінен жиі қате жіберетінін айтады. Сондай-ақ, латын әліпбиін құрастыру жұмыстары туралы да баяндап берді.
Ақпараттық технологиялар саласында ғылым бар екенін дәлелдеп жүрген қазақ.
Аида Қыстаубаева ғылым жолында жүрген 15 жылының ішінде бірнеше жобаларда жұмыс істеп, халықаралық патенттер алып үлгерген.
Сағи Оразбаев - адам денсаулығына зияны жоқ энергия үнемдегіш шамдар жасап шығарған жас ғалым. Олардың әлемде аналогы жоқ.
Мейрамхана келушілеріне қызмет көрсететін роботтарды тек фильмнен көрдіңіз, солай емес пе? Ал енді осындай даяшы-роботтар Қазақстанда да бар.
Еркебұлан Жақсылықов - Қызылорда қаласында ғылыммен айналысып жүрген жас ғалым. Еркебұлан 20-30 күннің ішінде ыдырап, экологияға зиян келтірмейтін полиэтилен пакет ойлап тапқан. Табиғи полимер негізінде алынған нанокомпозитті пленкалар антибактериалды қасиетке ие. Қызылордалық жас ғалым алдағы уақытта бұл жаңалығын өндіріске енгізбек екен.
Мұнай мен газдан кейінгі жетекші өнеркәсіп саналатын тау-кен саласы болашақта "жаңа экономикалық шындыққа" айнала ма? 70 жылға жарамды шахта бекітпесінің ерекшелігі неде?
Нұрсұлтан Досжан – uniform-2, al-farabi-1 спутниктерін құрастыруға қатысқан жас ғалым. Оны ғарыштық техника технологияларына не қызықтырды?
Изат Смекенов – биоотын саласында зерттеу жүргізіп жүрген жас ғалым. Ол қажетсіз қалдықтарды биоэнергетикалық спиртке айналдыратын ашытқы жасап жатыр.