Энергетика министрлігі шетел азаматтары үшін бензин мен дизель отынының бағасы өзгерген бұйрықтың жобасын жариялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан бензин мен дизельдің жаңа бағасын белгілеуді жоспарлап отыр. "Ашық НҚА" порталында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрық жобасы жарияланды.
Биыл қазан айында дизель отынының бағасы бір жыл ішінде 12,5% өсті. Жазғы дизель отыны 1,3% арзандаса, қысқы дизельдік отын керісінше бірден 30,7% қымбаттады.