Министр: Ресейден кем дегенде 100 мың тонна дизель отынын әкелінеді

Бұл туралы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Бүгінде дизель отынын жеткізу өткір мәселе болып тұр. Оның бірнеше себебі бар. Біз елімізге дизель отынын жеткізу мен тұтыну көлемінің артқанын байқап отырмыз. Біздің алдымызда қазан айы бойы Ресейден кем дегенде 100 мың тонна дизель отынын әкелу міндеті тұр. Егер қыркүйек айының 20 күнінде елімізге 5 мың тонна дизель отыны жеткізілсе, қалған 10 күннің ішінде 15 мың тонна өнім әкелінді. Ал қазан басталғалы 4 күннің ішінде Қазақстанға 12 мың тонна дизель отыны келді. Қазіргі уақытта аталған отын түрін жеткізу мәселесі күн тәртібінде және бақылауда, — деді Мағзұм Мырзағалиев астанада өтіп жатқан KIOGE-2021 халықаралық мұнай және газ көрмесінде.

Ведомство басшысының айтуынша, жалпы импорттық отынды жеткізу мен тұтыну трендіне оң баға беруге болады.