Саясаттанушы Әділ Сайлаубек Қазақстан мен Әзірбайжан басшыларының арасындағы кездесу еліміздің экономикалық және саяси жағына қалай әсер ететінін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевпен кездесуінде 90-жылдары мемлекеттер арасында болған мәселелер бүгінде кішкене әрі елеусіз болып көрінетінін атап өтті.
Премьер-министрдің орынбасары–сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан, Әзірбайжан және Түркия сыртқы істер министрлері мен көлік министрлерінің үшжақты кездесуіне қатысты.