Тоқаев ресми сапармен Әзірбайжанға барды

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Баку әуежайында Қазақстан президентін Әзірбайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алды.

Сапар аясында Қазақстан мен Әзірбайжан президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған. Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың көпқырлы мәселелерін қарастырады. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылады,- делінген хабарламада.