Америка, Армения мен Әзірбайжан үшжақты кездесу өткізді

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің сайты хабарлады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Армения және Әзербайжан сыртқы істер министрлері Арарат Мирзоян және Джейхун Байрамовпен кездесті. Бұл Таулы Қарабақ аймағындағы қақтығыстан кейінгі алғашқы кездесу болды.

«Премьер-министр Пашинянмен және президент Әлиевпен соңғы рет сөйлескенімде екі басшы да маған бейбітшілікке дайын екенін айтты. Армения мен Әзербайжан арасындағы келіспеушіліктің әскери шешімі жоқ, бірақ мұны дипломатия арқылы шешетін жол бар», — деді Блинкен.

Еске салайық, Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыс 13 қыркүйекке қараған түні ушыға түсті. Армения қорғаныс министрлігі мәліметінше, Әзірбайжан шекарадағы елді мекендердерге оқ жаудырған. Баку болса, Ереванды шекарада ауқымды арандатушылық жасады деп айыптады.