Әзербайжан Таулы Қарабақтағы позициясына шабуыл жасалғанын хабарлады

Әзербайжан қорғаныс министрлігі армян қарулы тобы Қарабақтағы позицияларға шабуыл жасағанын хабарлады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

27 желтоқсанда сағат 15.30-да (астана уақыты бойынша 17.30-да) заңсыз армениялық қарулы топ не аймақта қалған отряд Агдам ауылы бағытына шабуыл жасады. Нәтижесінде Әзербайжан әскери қызметшісі Ганбаров Эльмир Райиль оглу қаза тауып, әскери қызметші Алиев Эмин Сулейман оглу жараланды, — делінген ведомство хабарламасында.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жарақат алған әскери қызметші алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін медициналық мекемеге апарылған.

Еске салайық, қыркүйек айының соңында Таулы Қарабақта екі ел арасындағы жанжал қайта өрши түскен болатын. Әзербайжан мен Армения соғысты тоқтату туралы келісімге келді. Одан бөлек, ресейлік бітімгерлер өңірдегі жағдайды бақылауға алған болатын.