Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің араағайындық қызметін жоғары бағалады

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан мен Арменияның қақтығыс аймағындағы соғысты және барлық әскери қимылды тоқтау туралы келісімге келуінде Ресейдің, соның ішінде, Владимир Путиннің араағайындық қызметін жоғары бағалады.

Ресейдің белсенді араласуымен осыған дейінгі ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардың бір бітімге келуін қамтамасыз ететін Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы жасалған келісімнің маңызы зор. Мүдделі тараптар бірлескен мәлімдеменің шарттарын сақтайды деп үміттенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.