Азербайжанның Гяндж қаласында құрбандар саны көбейді

Әзербайжан Президентінің көмекшісі, Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиев жаралылардың саны 40 адамға, қаза болғандар саны  12 адам5а жеткенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 6 адамның қаза тапқаны, 35 адамның жараланғаны хабарланған болатын.

Арменияның мемлекеттік террорын тоқтату керек, — деді Әзербайжан Президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев.

Қаланың көптеген азаматтық инфрақұрылымы мен көлік нысандары қатты зақымданды. Қазіргі уақытта оқиға болған жерде Бас прокуратура құрбан болғандардың тізімін нақтылау бойынша тергеу жүргізіп жатыр.