Тоқаев Әзірбайжан президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Алиевті «Алтын Қыран» орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды.