Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті 58 жасымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, әзірбайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі, — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстан екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін айтты.

Айта кетейік, Ильхам Әлиев 1961 жылы туған. Ол Әзірбайжанды 2003 жылдың 31 қазанынан бері басқарады.