Үкіметтің кеңейтілген отырысы 7 ақпанда өтеді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 7 ақпан күні үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін айтты.
33874 материал
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 7 ақпан күні үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін айтты.
Қазақстан төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ернұр Өтегенов ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, бірқатар заңбұзушылықты анықтады.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 1 ақпанда елдің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болды. Бүгін, 1 ақпанда республика Азаматтық авиация қызметкерлері күнін атап өтеді.
Қазақстанда "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы бойынша ақша түсе бастады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады.
«Қазгидромет» РМК 1 ақпан күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады.
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 447–451 теңгеден саудаланып жатыр.
АҚШ-тың бюджетінен қаржыландырылатын «Азаттық радиосының» 36 журналисіне ҚР Сыртқы істер министрлігі аккредитация бермей қойыпты. Осы ақпаратты есіткен жұрт…
Мемлекеттік кірістер органдарына 2023 жылғы наурыздан бастап соттан тыс банкрот деп тануға 80 мыңнан астам азаматтан өтініш келіп түсті. Оның ішінде 16,7 миллиард теңгеден астам қарызы бар 8 986 азамат банкрот деп танылды.
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мағзұм Мырзағалиев компанияның 2023 жылғы операциялық және қаржылық қызметінің қорытындысы туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жоспарланып отыр. Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын әзірледі.
Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мегаполис басшысы қар шығару жұмыстарына қатысты түсінік берді.
31 қаңтар сағат 00.10-дан бастап төрт облыста республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Солтүстік Қазақстанда көмір қымбаттады. Небәрі бір айдың ішінде өңірдегі қатты отынның құны 12%-ке дейін өскен.
Ветеринариялық қызметті күшейтуге резервтен 3,8 миллиард теңге бөлінді. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
Қызылорда облысының оңтүстігінде күн бұзылды. Осыған байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының бірқатар бөлігінде жол жабылды.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 30 қаңтарда Қытай аумағында 2 балдық алты жер сілкінісін тіркеді.
1-2 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Осыған байланысты, бірнеше көше ішінара жабылады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.