Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Сәрсемәлиев ісі: сотта ломбардқа алтын өткізген видео көрсетілді

Видео скрині
Атырау облысында бірнеше адамның өліміне қатысты қозғалған резонансты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында Сұлтан Сәрсемәлиевтің ломбардқа алтын өткізген сәті бейнеленген видео көрсетілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бейнежазбаны журналист Жұлдыз Қайратқызы әлеуметтік желіде жариялаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Baribar.kz / Бізде бәрі бар! (@baribar.media)

Сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындағанымен, бірқатар айыптармен келіспейтінін мәлімдеген. Атап айтқанда, ол Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі қасақана емес, абайсызда болғанын айтқан.

Тергеу органдарының мәліметінше, жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы күдіктінің қылмыс жасалған сәтте өз әрекетіне толық жауап бере алатын жағдайда болғанын көрсеткен. Сонымен қатар тергеу барысында бұл іске басқа тұлғалардың қатысы анықталмағаны хабарланды. Қазір сот отырыстары жалғасып, іс материалдары мен дәлелдемелер кезең-кезеңімен зерттеліп жатыр.

Еске салайық, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс қаралып жатыр.

Сот отырыстары барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның есімі қылмысқа дейінгі және одан кейінгі оқиғаларға байланысты бірнеше рет аталған.