Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Еліміздегі алғашқы контейнер кеменің құрылысы басталды

Фото: ortcom.kz

Не болды?

Әзербайжандағы Баку кеме жасау зауытында Қазақстанға арнап салынатын алғашқы контейнер кеменің құрылысы басталды. Ресми рәсімге Қазақстанның көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов қатысты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Жаңа кеме «Қазмортрансфлот» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы мен Abu Dhabi Ports Group арасындағы серіктестік аясында салынады. Контейнер тасымалдауға арналған кеменің сыйымдылығы 780 TEU болады.

Жобаға сәйкес, 2027 жылдың соңына дейін Каспий теңізінде жүк тасымалдауға арналған екі заманауи контейнер кемені пайдалануға беру жоспарда бар. Бұл кемелер теңіз логистикасының мүмкіндігін кеңейтіп, жүк жеткізу көлемін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін күшейтеді.

Биыл сәуір айында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы алты кеме, оның ішінде екі контейнер кеме жасау келісіміне қол қойды. Барлығы Баку кеме жасау зауытында құрастырылады.

Контекст

Естеріңізге салайық, жыл басында үкімет Каспий теңізін қорғауға қаржы бөлді.