Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 447–451 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,3-450,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 447-451 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 1 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 447,74 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,99 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,91–5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,93-5,03 теңгеден сатылуда.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да