Ерболат Досаев: Алматыда қар шығару мәселесі ерекше бақылауда

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мегаполис басшысы қар шығару жұмыстарына қатысты түсінік берді.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Біз алгоритмді қайта қарастырдық. Қар шығару барысын жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл мәселені күн сайын өзім бақылап отырамын, — деді Ерболат Досаев.

Еске салайық, бүгін түнде Алматыда қар шығару үшін 416 бірлік арнайы техника мен 268 жұмысшы жұмылдырылды.

154 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарлар мен жалпы пайдаланылатын орындар механикаландырылған түрде тазаланып, қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдерінде қар қолмен күрелді.

Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.