Не болды?
Threads желісінін @aiyabuzdes есімді қолданушысы қыз алып қашуға қатысты қысқаметражды анимация жасап, желі қолданушыларының назарына ұсынды. Қысқаметражды туынды аз уақыт ішінде желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Автордың айтуынша, нейрожелі арқылы жасалған бір минуттық анимация бастапқыда көпшілік назарына ілікпеген. Алайда кейін жазбасы тарап, ондаған мың қаралым жинады.

Анимация сюжетінде жас қыздың жарқын әрі тыныш әлемде өмір сүріп жатқаны көрсетіледі. Бір сәтте белгісіз жігіт оған гүл ұсынғанымен, қыз оны қабылдамайды. Кейін түнде оны киіз үйден алып қашады. Осыдан соң бейненің бояуы біртіндеп күңгірт тартып, көңілсіз реңкке ауысады. Ролик соңында автор көрерменге ой тастар жазба қалдырған.
Пікір
Пікір жазған желі қолданушыларының көзқарасы екіге бөлінді. Бірі авторды қолдап, оның маңызды тақырыпты көтергенін айтса, бірі алып қашудың мәнін түсінбепсіз деп жазып жатыр.




Контекст
Естеріңізге салайық, жыл басында Қасым-Жомарт Тоқаев қыз алып қашуды қоғамдағы ең ауыр әрі жабайы қылмыс деп атап, қатыгездікке жол беруге болмайтынын айтты.
