Басты бетЖаңалықтарБүгін Астана мен Петропавлда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Астана мен Петропавлда ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 1 ақпан күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады.

Атап айтқанда, сенбіде Астанада, Петропавлда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да