31 қаңтар сағат 00.10-дан бастап төрт облыста республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Алматы облысында — үш учаске:
- «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 59-143 км, Жаңақұрлыс ауылынан Жамбыл облысы шекарасына дейін, 84 км.
- «Алматы-Шелек-Қорғас» жолының 24-254 км, ақы алу пунктінен Жетісу облысы шекарасына дейін, 230 км.
- «Алматы-Өскемен» жолының 25-124 км, ақы алу пуктінен Жетісу облысы шекарасына дейін, 99 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлікке ғана қолданылады.
Жамбыл облысында — екі учаске:
- «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 143-238 км, Алматы облысы шекарасынан Қайнар ауылына дейін, 95 км.
- «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 159-212 км, Кенен ауылынан Қордай ауылына дейін, 53 км.Шектеу жүк және қоғамдық көлікке қолданылады.
Қызылорда облысында — бір учаске:
- «Самара-Шымкент» жолының 1802-2055 км, Қызылорда қаласынан Түркістан облысы шекарасына дейін, 253 км.Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Түркістан облысында — бір учаске:
- «Самара-Шымкент» 2055-2082 км, Қызылорда облысы шекарасынан Шорнақ ауылына дейін, 27 км.Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
